• Басты бет
  • /
  • 10-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру
10-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру

10-сынып оқушыларына кәсіптік бағдарлау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Кеше, 15 сәуірде «IQOSTANAY» оқушылар сарайында ЖОО өкілдерімен қызықты кездесу өтті.
Қ. Сәтбаев атындағы ҚАЗНИТУ, Г.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті., А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ аталған жоғары оқу орындары машина жасау, энергетика және IT-мамандықтары бойынша ақпарат берді. Бұл ақпарат өте пайдалы ,әрі қызықты болды. Біз түрлі бағдарламалық бағыттар, оқу орындарына түсу шарттары мен студенттердің өмірі туралы білдік. Кәсіпқойлармен кездесу оқушыларымыздың ой-өрісін кеңейтіп, жаңа кәсіби көкжиектерге шабыт берді. Менің оқушыларым үшін кәсіптік бағдар - болашақ мамандықты таңдау жолындағы негізгі қадам.
Ұйымдастырушыларға осындай мүмкіндік бергеніне алғысымызды білдіреміз!